/KASE, 26.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
30 сәуірінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-84 19-шы
шығарылымының (KZKD00001244, MUM084_0019) орналастыру бойынша
арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 99,4494 % (кірістілік –
жылдық 12,10 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 10 000 000 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 сәуірде болатын
МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымын (KZKD00001244, MUM084_0019)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1520177/
[2024-04-26]