Биржалық симулятор: 01 сәуір мен 10 мамыр аралығында сауда- саттық көлемі 11,5 млрд теңгеге жетті

13.05.24 10:01
/KASE, 13.05.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығын өткізеді. Бес аптаның қорытындысы бойынша (01 сәуір мен 10 мамыр аралығында) сауда-саттық көлемі 11 469,5 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 424,7 млн теңгеден асты. Бір қатысушы жасаған мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше 978 және 3,0 млрд теңгені құрады. Төменде 2024 жылдың 01 сәуірі мен 10 мамыр аралығында құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген: ------------------------------------- Мәмілелер Көлемі, Сауда-саттық коды саны млн теңге ----------------- --------- --------- ASBN 2 009 1 948,4 HSBK 1 013 1 693,8 KSPI 1 467 1 673,9 FHJIds 727 1 230,7 CCBN 652 1 012,8 KCEL 672 812,4 KEGC 602 740,6 KZTO 605 642,8 KZTK 484 625,2 KZAP 508 527,6 BAST 309 271,3 RAHT 294 160,3 KMGD 355 75,6 IE_FXBF 177 49,7 BSUL 113 4,3 ----------------- --------- --------- Барлығы 9 987 11 469,5 ------------------------------------- Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 6 750 қатысушы тіркелді. Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/ru/events/show/2024/KASE_simulator_2024_ru/ [2024-05-13]