"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесі жалғыз акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен қоғамның 1 000 жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады

14.05.24 12:14
/KASE, 14.05.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 26 сәуіріндегі шешімі туралы KASE-ге хабарлады: қоғамның жалғыз акционерінің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен қоғамның жарияланған акцияларының саны шегінде бір акция үшін 243 931 446 теңге бағасымен 1 000 жай акция орналастырылсын. Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_info_reshenie_sd_260424_2614.pdf [2024-05-14]