KASE өз мүддесі бар мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE) "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік 
қоғамымен (бұдан әрі – Банк), KASE мүддесі бар, банктік салым туралы келісім-шартын 
жасасқаны туралы хабарлайды.

Акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні: 2013 жылдың 
03 қазаны (Биржалық кеңестің, сырттай дауыс беру тәртібінде қабылданған, 2013 жылдың 
03 қазанындағы № 24 шешімі).

Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: 502 678 082 теңге.

Мәміле заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалауының датасы: қолданылмайды.

Мәміле заты болып табылатын, мүлік құнының осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы 
құнына пайыздық арақатынасы: 9,82 %.

Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
– банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6,00 %;
– банктік салымның мерзімі: 12 ай;
– банктік салым туралы келісім-шарттың қолданыста болу мерзімі: 2014 жылдың 
  03 қазанына дейін.

Мәміленің жасалған күні: 2013 жылдың 04 қазаны.