Сауда-саттық ақпарат

Қазақстан қор нарығының Ашық есік күні

Ұйымдастырушы:




Шара серіктестері:


2012 жылдың 19 мамырында KASE қазақстандық нарыққа бөлшек инвесторларды тарту мақсатында "Қазақстан қор нарығының ашық есік күнін" өткізді

Іс-шара әлеуетті және қазіргі бөлшекті инвесторлар үшін қор нарығы тақырыбы бойынша оқыту блиц-семинарларынан тұратын біркүндік бағдарлама түрінде өтті.

Игішараны "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ, "NOMAD FINANCE" АҚ, "Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталығының академиясы" АҚ және басқа да қаржы нарығы қатысушыларының қолдауымен "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ұйымдастырды. Шара КМЭБИ университетінің жаңа ғимаратында тегін ұйыдастырылды. Оған 300 жуық адам қатысты.

Аталған шара аясында қазақстандық нарықтың кәсіби қатысушыларының стендтері қызмет етті, Қазақстанда қаржылық құралдармен биржалық сауда-саттық туралы презентациялар мен семинарлар, сондай-ақ, инвестициялаудың тәжірибелік мәселелері бойынша мастер-кластар өткізілді.

Қатысушылардың пікірінше, бұл бастама қызықты және тәжірибелік мәнде пайдалы болып шықты.



Шара фотосуреттері





Ақпараттық серіктестер: