Сауда-саттық ақпарат

Деривативтер нарығындағы бөлшек инвесторлар арасында өтетін KASE конкурсы

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстандағы фьючерстердің биржалық сауда-саттығын дәріптеу мақсатында, бөлшек инвесторлар арасында конкурс өткізетіні туралы жариялайды. Конкурс 2014 жылдың 01 қазанынан 12 желтоқсанына дейінгі кезеңде өткізіледі.

Деривативтер нарығындағы байқауға KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушыларының (клирингілік қатысушы – брокерлердің) клиенттері болып табылатын, жеке тұлғалар қатыса алады. KASE қызметкерлеріне және клирингілік қатысушы – брокерлердің трейдерлеріне байқауға қатысуға тыйым салынған.

Байқаудың шарттарына сәйкес, байқау кезінде қатысушылар, KASE нарығында айналысқа жіберілген, қор фьючерстердің нақты сауда-саттығына қатысады. Байқау барысында қатысушы аталмыш деривативтерді сатып алуға және/немесе сатуға кемінде бес мәміле жасасуы тиіс.

Деривативтер нарығындағы байқаудың өту барысында жасалған мәмілелердің нәтижелері бойынша максималды кіріс алған үш қатысушы осы байқаудың жеңімпазы атанады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін, өз брокеріне өтінім жолдау арқылы, тіркелу қажет.

Өтінімдерді қабылдау 2014 жылдың 15 қыркүйегінен 08 желтоқсанына дейінгі аралықта жүргізіледі.

Бөлшек инвесторлар арасында байқау өткізу ережелері.

Байқау туралы толық ақпарат edu.kase.kz KASE ақпараттық-білім беру сайтында жарияланған.