Сауда-саттық ақпарат

"Астана Банкі" АҚ жай акцияларымен сауда-саттықты ашу салтанатты рәсімі

2017 жылдың 30 маусымында KASE сауда-саттық залында "Алматы Тауэрс" КСК бизнес орталығының ғимаратында KASE қайталама нарығында "Астана Банкі" АҚ (Астана) жай акцияларымен сауда-саттық ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында спикер ретінде:
  • Майлибаев И.Е., "Астана Банкі" АҚ Басқарма Төрағасы;
  • Алдамберген А.Ө., KASE Басқарма Төрағасы;
  • Турмагамбетов К.Ж., KASE Басқармасы мүшесі, басқарушы директор;
  • Миникеев Р.Д., "Фридом Финанс" АҚ Басқарма Төрағасы қатысты.

    Сонымен қатар, іс-шараға "Астана Банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі өкілдері мен "Фридом Финанс" АҚ андеррайтерлері қатысты.

    Іс-шараға қатысушылар нақты уақыт режимінде "Астана Банкі" АҚ жай акцияларымен сауда-саттықтың басталуын қадағалауға мүмкіндік алды.