Сауда-саттық ақпарат

2016 жылдың қорытындысы бойынша, ақпарат ашу бойынша бастама көтерген KASE белсенді мүшелерін, листингілік компанияларды, сондай-ақ Конкурстың жеңімпаздары болған БАҚ өкілдерін марапаттау

2016 жылдың қорытындысы бойынша, ақпарат ашу бойынша бастама көтерген KASE белсенді мүшелерін, листингілік компанияларды, сондай-ақ Конкурстың жеңімпаздары болған БАҚ өкілдерін марапаттау Мәтіні: 2017 жылдың 15 ақпанында KASE 2016 жылдың қорытындысы бойынша ерекшеленген, ақпараттық айқындылыққа ұмтылған және өз қызметі туралы ақпарат ашуға бастама көтерген KASE мүшелерін, листингілік компанияларды, 2016 жылдың соңында өткізілген конкурста жеңген БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімін өткізді.

KASE жыл сайын Қазақстан Республикасының қор нарығын дамытуға үлес қосқан Биржа мүшелерін сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында өзі және өзінің қызметі туралы ақпарат ашуға қатысты үлгі көрсеткен листингілік компанияларды жыл сайын марапаттау өткізеді.

2016 жылыдң қорытындысы бойынша мараптталғандар:
"Нарық көшбасшысы" номинациясында
"Фридом Финанс" АҚ (акциялар нарығы)
"Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (корпоративтік облигациялар нарығы)
"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы)
"Жыл андеррайтері" номинациясында
"Фридом Финанс" АҚ (акциялар нарығы)
"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (корпоративтік облигациялар нарығы)
"Жыл маркет-мейкері" номинацисында
"Фридом Финанс" АҚ (акциялар нарығы)
"Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (корпоративтік облигациялар нарығы)
"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" (корпоративтік облигациялар нарығы)
Сондай-ақ KASE Басқармасы "Фридом Финанс" АҚ "Инвесторларды тартқаны үшін" дипломымен марапаттады.

2016 жылы бағалы қағаздар нарығында іскерлік әрекетттің үлгісін көрсеткен листингілік компаниялар, әсіресе өзінің қызметі мен өзі туралы ақпарат ашуға байланысты "Айқындылыққа ұмтылғаны үшін" атты дипломымен марапатталды.

Әсіресе дипломмен марапатталғандар:
Қаржы секторы компаниялары
"АТФБанк" АҚ
"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ
Қаржылық емес компаниялар
"Қазмұнайгаз" Барлау Өндіру" АҚ
KAZ Minerals PLС.

2017 жылдың 15 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдары арасында Конкурс жеңімпаздарын марапаттау жүргізілді және қорытындылады. Конкурс 2016 жылдың 01 қазанынан 30 желтоқсанына дейін өтті. Аталмыш конкурстың тақырыбы "Қазақстан қор нарығы және отандық компаниялардың жаңа мүмкіндіктері".

"Үздік телесюжет немесе үздік телехабарлама" номинациясы бойынша конкурс жеңімпаздары
Асылбек Абдулов "Жаңа бағыт" тележобасымен
"Баспа БАҚ-ғы үздік мақала" номинациясында
"Актюбинский вестник" газетінен Владимир Бурьянов "Альтернатива кредитам" мақаласымен
"Интернет-ресурстардағы үздік материал" номинациясында
Татьяна Батищева "Занимать лучше дома" және "Инвесторы променяли банки на KASE" мақаласымен.

Әділқазылардың шешімі бойынша қосымша Ирина Ярунина (интернет-портал LS) – қор нарығы тақырыбын жүйелі түрде жариялағаны үшін
Ерболат Мухамеджан ("Биржа" телебағдарламасы, Atameken Business Channel) – қор нарығы туралы мемлекеттік тілді тетебағдарлама жүргізгені үшін.