Жиі қойылатын сұрақтар
Неге KASE жеке тұлғаларға ыңғайлы интерфейсті электронды платформасын (Forex жүйесінің аналогын) енгізбейді?
Қазақстанның қор нарығы АҚШ немесе Еуропа нарықтарымен салыстырғанда әлі жас, оған Forex сияқты ірі халықаралық дамыған нарықтармен теңесу әлі қиын. Нарықтардың даму тарихын ең болмаса уақыт жағынан салыстырсақ, көлемдері мен ұсынылатын қаржы құралдарының санын қарастырсақ, Қазақстанда айналыстағылардың саны көп емес, сондай-ақ олардың өтімділігі де едәуір төмен.
Дегенімен, бірнеше жылдан бері KASE сауда-саттығына Интернет арқылы қатысу мүмкіндігі бар (http://www.etrade.kz/products/etrade). Қазіргі уақытта Биржа Интернет сауда-саттығына арналған екінші, заманға сай және кез келген адамға түсінікті электронды платформасын қолданысқа енгізуде. 2011 жылдың соңында KASE сайтында барлық ниеттенушілерге арналған оның демо-нұсқасын іске қосу жоспарланып отыр.

Неге KASE сауда-саттығы бойынша тегін оқыту семинарлары ұйымдастырылмайды?
Екі жыл бойы Биржа оқыту бағдарламаларын өткізуде. KASE сайтында осы туралы ақпараттар бар (http://edu.kase.kz). Өткен жылдың соңында биржа барлық ниеттенушілерді өзінің сауда-саттық жүйесінің демо-нұсқасында оқыту ойынына қатысуға шақырды, ал жүлде ретінде нақты ең көп саудаланатын қазақстандық компаниялардың акцияларының портфелі болды.
Биржа сайтында бағдарлануды қалай тез үйренуге болады?
Оған осы жерде үйренуге болады.
Биржада бағалы қағаздарды қалай сатады немесе сатып алады?
Биржада бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату үшін, тиісті санаттағы биржа мүшесі болып табылатын, ұйымға баруыңыз қажет. Биржа мүшелерінің тізімі, олардың мүшелігінің санаттары көрсетіліп, мекен-жайлары мен телефондары осы жерде жарияланған.
Интернет–трейдинг арқылы сауда-саттық
Интернет–трейдинг жүйесін алу үшін жеке тұлға, eTrade.kz бағдарламалық қамтуын пайдаланып, өз клиенттеріне Интернет-трейдинг қызметтерін көрсететуге құқылы, брокерлік ұйыммен (биржа мүшесімен) келісім-шарт жасасуы тиіс. Осындай брокерлік ұйымдардың тізімі Интернет–сайтта www.eTrade.kz жарияланған.
Қор биржасы бағалы қағаздарды сата алады ма?
Қазақастан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңына сәйкес, бағалы қағаздар нарығында тек бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ғана қызмет ете алады. Биржа тек сауда-саттық ұйымдастырушысы – нарықтың кәсіби қатысушылары бағалы қағаздарды сататын және сатып алатын, алаңы болып табылады.
Қор биржасы өзінің бағалы қағаздарын эмитент ретінде шығарып, сата алады, сондай-ақ өзге эмитенттердің бағалы қағаздарын инвестор ретінде өкілетті брокер арқылы сатып алып, сата алады.
Қор биржасы өзінің бағалы қағаздарын эмитент ретінде шығарып, сата алады, сондай-ақ өзге эмитенттердің бағалы қағаздарын инвестор ретінде өкілетті брокер арқылы сатып алып, сата алады.
Бағалы қағаздар биржаның тізімдеріне қалай енгізіледі?
Бағалы қағаздар биржаның ресми тізіміне енгізіліуі немесе "Листингілік емес байғалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілуі мүмкін.
Бағалы қағаздарды биржаның ресми тізіміне енгізу процедурасы Листингілік ережелерде белгіленген.
Бағалы қағаздарды "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберу процедурасы Бағалы қағаздарды "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберу ережелерінде анықталған.

Брокердің қызметтерін пайдаланбай, жеке тұлға биржаның on-line сауда-саттығына қатыса алады ма?
Жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, биржа өткізетін сауда-саттыққа тек тиісті санаттағы биржа мүшелері, соның ішінде үшінші жақтардың – өз клиенттерінің есебінен және олардың мүддесіне қатысуға құқылы. Жеке тұлғалар сауда-саттыққа тек, биржа мүшелері болып табылатын, брокерлік ұйымдар арқылы қатыса алады.
Листингілік талаптар туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
Листингілік талаптар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2008 жылдың 08 мамырындағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңының тізіміне енгізілуі тұспалданған немесе енгізілген бағалы қағаздар эмитенттеріне қойылатын талаптар туралы " № 04.2-09/119 бұйрығында, сондай-ақ Листингілік ережелерде белгіленген.
Шетел және қазақстандың эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына қойылатын, листингілік талаптардың айырмашылығы бар ма?
Айырмашылық жоқ. Шетел және қазақстандың эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына қойылатын листингілік талаптар бірдей және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2008 жылдың 08 мамырындағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңының тізіміне енгізілуі тұспалданған немесе енгізілген бағалы қағаздар эмитенттеріне қойылатын талаптар туралы" № 04.2-09/119 бұйрығында, сондай-ақ Листингілік ережелерде белгіленген.
Листинг процедурасынан өту үшін биржаға қандай құжаттар ұсыну қажет?
Рұқсат ету бастамашысы Листингілік ережелердің 14 бабы 1 тармағына сәйкес, бағалы қағаздарды биржаның ресми тізіміне тиісті санат (санатша) бойынша енгізу туралы өтінішін және Листингілік ережелердің 24 бабында белгіленген тізім бойынша құжаттар жиынтығын ұсынуы тиіс.
Бағалы қағаздардың "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберуге рұқсат алу үшін биржаға қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Құжаттар тізімі Бағалы қағаздарды "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберу ережелерінің 8 тармағында анықталған.
Бағалы қағаздарды биржаның ресми тізіміне енгізу мүмкіншілігі туралы биржаның тұжырымдамасы қандай мерзімде дайындалады?
Бағалы қағаздарды биржаның ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті қарау және тиісті тұжырымдаманы дайындау мерзімі Листингілік ережелердің 14 бабында белгіленген.
Листингілік ережелердің 14 бабына сәйкес, бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу мүмкіншілігі немесе, Қазақстан Республикасынан басқа, мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылатын (шығарылған), облигацияларды ресми тізімге енгізуге биржаның келісімін беруі, немесе бағалы қағаздарды ресми тізімнің төменірек санатынан (санатшасынан "буферлік санатынан") жоғарғысына ауыстыру туралы тұжырымдамасы, тиісті өтініш қарауға берілгеннен кейін жиырма жұмыс күн аралығында дайындалуы тиіс.
Бұл ретте эмитенттің және/немесе оның бағалы қағаздарының листингілік талаптарына сәйкессіздігі жағдайында, өтінішті қараудан уәжделген бас тарту, осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн мерзімінде дайындалады.

Ресми тізімге енгізілген, бағалы қағаздардың сауда-саттығын қалай ашады?
Бағалы қағаздардың сауда-саттығы осы бағалы қағаздардың рұқсат ету бастамашысының және олардың маркет-мейкерінің (егер листингілік ережелердің талаптарына сәйкес маркет-мейкердің болуы міндетті болса) өтініші негізінде ашылады.
Егер Листингілік комиссияның осы бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы шешімі өз күшіне енген күннен бастап үш ай бойы сауда-саттық ашылмаса, Листингілік комиссияның жуырдағы отырысында осы бағалы қағаздардың делистингі туралы мәселесі қаралады.

Листингілік келісім-шарт не үшін керек?
Листингілік келісім-шарт рұқсат ету бастамашысының бағалы қағаздардың ресми тізімде айналыста болуы кезіндегі ақпараттар ашу бойынша міндеттері мен жауапкершілігін, сондай-ақ биржаның құпия ақпараттарды сақтау шарттарын анықтайды.
Листингілік келісім-шартты биржа бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін береді.
Листингілік келісім-шартты биржа бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін береді.
Аудиторлық ұйымды қалай таңдау керек?
Бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу үшін және олардың осында болуы үшін осы бағалы қағаздардың эмитенті, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттіктің (АӨҚО ҚҚА) біліктілік талаптарына сай, аудиторлық ұйымдардың бірінде жыл сайын аудит өтуге міндетті.
АӨҚО ҚҚА Төрағасының 2008 жылдың 03 сәуіріндегі "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңына қаржы құралдарын айналысқа жіберуді рұқсат ету үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар туралы" № 04.2-09/78 бұйрығы осы жерде жарияланған.
АӨҚО ҚҚА ұсынған арнайы сауда-саттық алаңына қаржы құралдарын айналысқа жіберуді рұқсат ету үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға сай келетін аудиторлық ұйымдардың тізімі осы жерде жарияланған.

Бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуі туралы мәселесі қаралған кезде талап етілетін, биржаның алдын ала тұжырымдамасын қалай алуға болады?
Алдын ала тұжырымдама беру Листингілік ережелердің 13 бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржылық кеңесшінің бар болуы міндетті ме?
Листингілік ережелердің 11 бабына сәйкес, қаржылық емес ұйымның бағалы қағаздарын биржаның тізіміне енгізу туралы мәселесі, осы қаржылық емес ұйымның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу мүмкіншілігі туралы биржаның тұжырымдамасын алу мақсатында құжаттарын дайындауға қаржылық кеңесшісі қатысқан болса ғана, қарастырылады.
Қаржылық ұйымдар үшін, сондай-ақ, бағалы қағаздары листингтен жеңілдетілген процедура бойынша өтіп жатқан, ұйымдар үшін қаржы кеңесшісінің бар болуы міндетті емес.
Қаржылық ұйымдар үшін, сондай-ақ, бағалы қағаздары листингтен жеңілдетілген процедура бойынша өтіп жатқан, ұйымдар үшін қаржы кеңесшісінің бар болуы міндетті емес.
Кім қаржы кеңесшісі бола алады?
Листингілік ережелердің 11 бабына сәйкес тек, ресми тізімге енгізілген беймемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысуға құқылы, және бірінші санаттағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметтер атқаруға (клиенттердің есеп-шоттарын номиналды ұстаушы ретінде басқару құқығымен) лицензиясы бар, биржа мүшелері қаржылық кеңесшісі болуға құқылы.
Қаржылық кеңесшіні таңдау бойынша биржа нұсқаулар бермейді.
Қаржылық кеңесшіні таңдау бойынша биржа нұсқаулар бермейді.
Бағалы қағаздар ресми тізімге енгізілгенде қандай листингілік алымдар төленеді?
Листингілік ережелердің 21 және 22 баптарына сәйкес, биржа келесідей листингілік алымдарды алады:
- бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы (бағалы қағаздарды ресми тізімнің төменірек санатынан (санатшасынан жоғарғысына ауыстыру) туралы өтінішті қарау үшін – Листингілік ережелердің 2 бабының 1 тармағында белгіленген мөлшердің 0,025 % көлемінде, бұл ретте осы алымның минималды көлемі 100 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, ал максималдысы – 1 000 АЕК. Листингілік комиссиясы бағалы қағаздарды ресми тізімген енгізуден бас тартқан жағдайда бұл алым қайтарылмайды, егер бағалы қағаздар ресми тізімге енгізілсе, бұл алым кіру листингілік жарнасын төлеу есебіне қосылады;
- кіру листингілік алымы – Листингілік ережелердің 2 бабының 1 тармағында белгіленген мөлшердің 0,025 % көлемінде, бұл ретте осы алымның минималды көлемі 100 АЕК құрайды, ал максималдысы – 4 000 АЕК. Бұл алым бағалы қағаздар ресми тізімге енгізілгенде (бағалы қағаздарды ресми тізімнің төменірек санатынан (санатшасынан) жоғарғысына ауыстырғанда) (алдыңғы абзацтағы ерекшеліктерді ескеріп) алынады;
- жыл сайынғы листингілік алым – Листингілік ережелердің 2 бабының 1 тармағында белгіленген мөлшердің 0,025 % көлемінде, бұл ретте осы алымның минималды көлемі 100 АЕК құрайды, ал максималдысы – 2 000 АЕК. Бұл алым бағалы қағаздардың ресми тізімінде тұрған әр жылына алынады.
Эмитенттің рейтингін қай жерден табуға болады?
Эмитенттің рейтингтері туралы ақпараттар биржаның Интернет–сайтында http://kase.kz/kz/emitters мекен-жайы бойынша жарияланған.
Листингілік алымдарды төлейтін кім?
Егер өзгесі бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтініште көрсетілмесе, листингілік алымдарды бағалы қағаздарды рұқсат ету бастамашысы төлейді. Егер листингілік алымдарды төлеуші осы бағалы қағаздардың рұқсат ету бастамашысы болмаса, биржаға, листингілік алымдарды төлеу бойынша өзіне міндеттемелер алған, листингілік алымдарды төлейтін нақты тұлғаның жазбаша келісімі ұсынылуы тиіс.
Өз сұрағын қою
© 1993–2012 "Қазақстан қор биржасы" АҚ. Барлық құқықтары қорғалған. Материалдарды көшіру тек "Қазақстан қор биржасы" АҚ жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Ақпараттық толтыру – KASE, "ИРБИС" Ақпараттық агенттігі. Сайтты әзірлеу – eTrade.KZ
Ақпараттық толтыру – KASE, "ИРБИС" Ақпараттық агенттігі. Сайтты әзірлеу – eTrade.KZ