TONIA ИНДИКАТОРЫ (TENGE OVERNIGHT INDEX AVERAGE)

Осы индикатор, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо нарығындағы, мерзімі бір күндік репо операцияларының ашылу мәмілелерінің орташа сараланған пайыздық мөлшерлемесі болып табылады.

Өлшем бірлігі: жылдық %.
Индикаторды жаңарту уақыты: нақты уақыт тәртібінде.
Индикатор трендін жаңарту уақыты: алдыңғы сауда-саттық күніне қатынасты нақты уақыт тәртібінде.


TWINA ИНДИКАТОРЫ (TENGE WEEK INDEX AVERAGE)

Осы индикатор, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо нарығындағы, мерзімі жеті күндік репо операцияларының ашылу мәмілелерінің орташа сараланған пайыздық мөлшерлемесі болып табылады.

Өлшем бірлігі: жылдық %.
Индикаторды жаңарту уақыты: нақты уақыт тәртібінде.
Индикатор трендін жаңарту уақыты: алдыңғы сауда-саттық күніне қатынасты нақты уақыт тәртібінде.

Автоматты репо секторында саудалау нысаны ақша қаражаттары болып табылады, ақша ұсыну және оларды тарту бойынша өтінімдерді саудаластыққа қатысушылардың кез келгені қанағаттандыра алады.

АҒЫМДАҒЫ РЕПО МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

Индикаторлардың осы тобы, МБҚ және беймемлекеттік бағалы қағаздар (ББҚ) бойынша репо операциялары, сондай-ақ – автоматты репо секторындағы KASE сауда-саттығында белгіленген, түрлі тарту мерзімді репоның орташа сараланған мөлшерлемесінің актуалды мәнін көрсетеді. Қазақстандық нарықтың маманданымына байланысты, аталмыш репо мөлшерлемелерін қаржы нарығындағы "қысқа ақшалардың" ағымдағы құны ретінде, және тиісінше ақша нарығына қатысушылардың қысқа мерзімді өтімділігінің индикаторы  қарастыруға болады. Мөлшерлемелер тек мәмілелер жасалған күні сауда-саттық нәтижелері бойынша есептеледі. Қарыз алу тек екі аптаға дейінгі мерзімге болғандықтан, жылдық тиімді мөлшелемені қолдану орынсыз деп саналады. Сондықтан, секцияда, тарту мерзімдері бойынша сараланған бірнеше индикаторлар бөліп шығарылып, және олар бойынша номиналды кірістілігі есептеледі. Тарту мерзімі деп репо мерзімін (мәмілеге қатысушылар жариялаған репо ашылу датасы және жабылу датасына дейінгі күндер саны) түсіну керек. Индикаторларды есептеу репо ашылу мәмілелері бойынша ғана жасалады. Осы кезде биржа алаңында ашылған барлы репо емес, тек мәміле жасалған күнінде ашылған, репо мөлшерлемесі есепке алынады. Девальвация бойынша индекстелген репо ашылған кезде (ашылу және жабылу бағаларын қатысушылар доллармен жариялап, есептесулер биржалық бағам бойынша теңгемен жүзеге асырылады), бөлімде тиісті индикатор пайда болады, оның атауында "(KZT)" орнына "(USD)" белгіленеді.

Репо мөлшерлемелерінің өлшем бірлігі: жылдық %.
Индикаторларды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні сауда-саттық аяқталғаннан соң сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін (сауда-саттық нәтижелері бойынша есептеулер кейде ұзаққа созылады).
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 күн.


САУДА-САТТЫҚ КӨЛЕМІ

Сауда-саттық көлемінің индикаторы МБҚ және ББҚ-мен жасалған барлық автоматты репо операцияларының, сондай-ақ МБҚ және ББҚ тікелей репо барлық ашылу мәмілелерінің көлемдерін есепке алады.

Көлем индикаторының өлшем бірлігі: млн KZT.
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күні сауда-саттық аяқталғаннан соң сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін (сауда-саттық нәтижелері бойынша есептеулер кейде ұзаққа созылады).
Индикатордың "өмір сүру уақыты": 1 күн.
Индикатор трендінің "өмір сүру уақыты": 1 күн.