| Банк атауы |
Сұранымның баға белгілеуі |
Ұсыным баға белгілеуі |
| "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ | 1,00 | 2,00 |
| "АТФБанк" АҚ | 1,00 | 2,00 |
| "RBS (Kazakhstan)" еншілес банкі" АҚ | 1,00 | 2,00 |
| "Казкоммерцбанк" АҚ | 1,00 | 2,00 |
| "HSBC Банк Қазақстан" ЕБ АҚ | — | — |
| "Банк ЦентрКредит" АҚ | 1,00 | 2,00 |
Қазақстанда KazPrime (КазПрайм) банкаралық депозиттер нарығының жаңа индикаторы қолданысқа енгізілді.
/KASE, 27.03.07/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2007 жылдың 27 наурызынан бастап KazPrime (КазПрайм) қазақстандық банкаралық депозиттер нарығының жаңа индикаторы қолданысқа енгізілуі туралы хабарлайды.
KazPrime индикаторы Қазақстан үшін ең үздік несиелік сападағы банктер арасындағы банкаралық депозиттер нарығында орналастырылатын ақша құнының (қазақстандық теңге) көрсеткіші болып табылады.
KazPrime индикаторын есептеу, KazPrime индикаторын қалыптастыру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушылары KASE сауда-саттық жүйесіне беретін, баға белгілеулерінің мәндері бойынша күн сайын жүзеге асырылады.
Қатысушылар
Өз қызметін Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық банктер Келісімге қатысушы бола алады. Әр Қатысушы депозиттердің банкаралық ақша нарығының белсенді қатысушысы болып табылып, басқа Қатысушыларды қанағаттандыратындай, осы нарықта беделі мен несиелік сапасы жоғары болуы тиіс. Қатысушылар саны кемінде бесеу және оннан аспауы мүмкін.
Банкті Келісімге қатысуға қосу, қазіргі Қатысушылардың кемінде үштен екі бөлігі келісімін бергенде ғана жүзеге асырылады. Қандай да бір банкті Қатысушы мәртебесінен айыру туралы шешім, қазіргі Қатысушылардың, банкті қоспағанда, жалпы санынан кемінде үштен екі бөлігі дауыс бергенде, қабылданады.
Қазіргі кезде Келісімге қатысушылар болып табылады (тізімі әліпбилік тәртіппен берілген, бас офистері Алматы қаласында орналасқан):
- "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ
- "АТФБанк" АҚ
- "RBS (Kazakhstan)" еншілес банкі" АҚ
- "Казкоммерцбанк" АҚ
- "HSBC Банк Қазақстан" ЕБ АҚ
- "Банк ЦентрКредит" АҚ
Келісімді жүзеге асыру, соның ішінде KazPrime индикаторының мәнін есептеу және оларды жариялау бойынша ұйымдастырушысы KASE.
Жоба "ABN AMRO Қазақстан Банкі" ЕАБ" АҚ бастамасымен, жоғарыда аталмыш банк KASE-мен бірлесе отырып, Қазақстан қаржыгарлерінің ассоциациясының (ҚҚА), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (EBRD) қолдауымен іске асырылды.
Индикаторларды есептеу механизмі
KazPrime индикаторының мәнін есептеу үшін күн сайын алматы уақытымен (ALT) 11:30-ға дейін әр Қатысушы KASE сауда-саттық жүйесінде, банкаралық депозиттерге ақша тарту және орналастыру мөлшерлемелерін, сондай-ақ ақшаларды тарту және орналастыру көлемдерін қоса, өз баға белгілеулерін қояды. Баға белгілеудің минималды көлемі 150 миллион теңге. Депозит валютасы – қазақстандық теңге. Баға белгілеулер арасындағы спрэд 100 базистік нүктеден аспауы тиіс. Мөлшерлемелер бойынша сыйақыны есептеу базасы – actual / 360.
Банкаралық депозиттің жоба басталкандағы сәйкестендірілген мерзімі үш айды құраған (KazPrime-3M). Қатысушылар баға белгілеулер мен депозиттердің өзге де мерзімдерін, алдын ала осы мерзімдермен баға белгілеу басталуы туралы келісіп, белгілеуге құқылы – “овернайт”, жеті күн, бір, алты және он екі ай.
KazPrime индикаторын есептеу ережелеріне сәйкес оның мәні ақша орналастыру мөлшерлемесінің орта арифметикалық мәні болып табылады. Егер индикаторды есептеу күні Қатысушылардың кемінде сегізі баға белгілеулерін берсе, индикаторды есептеуден екі ең үлкен және екі ең кіші орналастыру мөлшерлемелерін алып тастайды. Егер баға белгілеулерді 4 – 7 Қатысушы берсе, индикаторды есептеуден бір ең үлкен және бір ең жоғарғы орналастыру мөлшерлемесін алып тастайды. Егер KazPrime индикаторын есептеу күні баға белгілеу мерзімі белгіленген депозит бойынша тек екі немесе үш Қатысушы баға белгілеулерін берсе, осы депозит бойынша индикатор барлық берілген орналастыру мөлшерлемелерінің орта арифметикалық мәні ретінде есептеледі.
Егер мерзімі индикаторды есептеу күні белгіленген депозит бойынша баға белгілеулерді тек бір Қатысушы немесе мүлдем берілмеген болса, осы күні мерзімі белгіленген депозит бойынша KazPrime индикаторы есептелмейді.
KazPrime индикаторы ондық екінші таңбасына дейінгі дәлдікпен есептеліп, жарияланады.
Қатысушылардың жауапкершілігі
Келісім, KazPrime индикаторы тиянақталғаннан кейін 30 минт аралығында өздері қойған баға белгілеулері бойынша, қандай да бір басқа Қатысушының сұранымы болса, мәміле жасасуға міндеттілігін қарастырады. Ұйымдастырушылардың ойы бойынша, Келісімнің өзге де шарттарын қоспағанда, осы жайт индикатордың репрезентативтігін және қаржылық қауымдастықтағы беделін жоғарылатады.
Индикаторды жариялау
Депозиттердің барлық мерзімдері бойынша KazPrime индикаторын есптегеннен кейін сол күні ALT 12:00 дейін KASE осы мәнді Интернет желісінде өз веб-сайтында (www.kase.kz) және REUTERS (РИК ) ақпараттық жүйесінде жариялайды. Осыдан басқа индикаторға Bloomberg агенттігі жағынан тиісті қызығушылық болған жағдайда, осы агенттіктің ақпараттық жүйесінде индикаторды жариялау жоспарланады.
KASE KazPrime индикаторының ағымдағы және мұрағаттық мәндерінің, өз веб-сайтының қазақстандық банкаралық депозиттер нарығына арналған http://www.kase.kz/kibr арнайы бетінде, графикалық және сандық форматтарында қол жеткізерлігін кепілдейді.
KIBOR немесе KazPrime
Осы кезде ұйымдастырылған қазақстандық нарықта KazPrime ұқсас – KIBOR индикаторы қолданыста. Ол да банктер жариялаған түрлі – 7, 14 күн, 1, 2 және 3 ай мерзімдерге ақша орналастыру мөлшерлемелерінің орташа мәні болып табылады. KIBOR, KIBID және KIMEAN бойынша мәліметтерді KASE әр жұмыс күні ALT 16:00 есептеп, биржаның веб-сайтында жариялайды.
KIBOR-дың KazPrime-нан басты айырмашылықтары:
- жобаларға қатысатын банктердің несиелік сапаларының айырмашылығы (KazPrime – Қазақстан үшін ең жоғарғы несиелік сапалы, бір-біріне неиселеу шектелімдері ашылған алты институт; KIBOR – 11 түрлі несиелік сапалы банктер, лимиттердің бар-жоғы есепке алынбайды);
- баға белгілеу арасындағы спрэдке талаптары (KazPrime – 100 базистік нүктелерден аспайды, KIBOR – талаптары жоқ);
- баға белгілеу көлемі (KazPrime – кемінде 150 млн теңге, KIBOR – кемінде 15 млн теңге);
- баға белгілеулерін қойғандағы қатысушылар өзіне алатын міндеттемелері (KazPrime жобасы қойылған баға белгілеулер бойынша мәмілелер жасасу мүмкіндігі, KIBOR – тек индикативті баға белгілеулер).
Осылайша, бүгінгі таңда KazPrime индикаторы өкілеттілік сипатта көрініп және бағалы қағаздар эмитенттері оны облигациялар бойынша сыйақыны индекстеу үшін базис ретінде пайдалануына болады.
[2007-03-27]