"Цеснабанк" АҚ (ҚазаҚстан) өзінің жарғылықты капиталының 5,0 млрд теңгеге ұлғайғандығын хабарлады

18.01.11 12:34
/KASE, 18.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Цеснабанк" АҚ (Астана) 2011 жылдың 17 қаңтарындағы баспасөз хабарламасын Биржаға жолдап, былай деп хабарлады. "Цеснабанк" АҚ Директорлар Кеңесінің 22.12.2010 ж. шешіміне сәйкес Банктің 5 млрд. тг. сомасына 5 млн жай акцияның орналастырылуын аяқтағанын хабарлайды. 23.12.2010 ж. жағдай бойынша Банктің 20,5 млрд. тг. сомасына орналастырған жай акцияларының жалпы саны 20,5 млн. дана, 2,5 млрд. тг. сомасына 2,5 млн. дана артықшылықты акция орналастырылды. Оналастыруға ұсынылған акциялар инвесторлар арасында сәтті сатылды. Сонымен, "Цеснабанк" АҚ жарғылық капиталының ұлғаюы 23 млрд. теңгеге жетіп, 27,8% құрады. Осы жағдайға қатысты "Цеснабанк" АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Жақсыбек: "Жарғылық капиталдың ұлғаюы біздің Банктің әрі қарай тұрақты өсуіне оң әсер етіп, кредиттік операциялар портфелін және басқа да қаржы көрсеткіштерін өсіруге мүмкіндік береді", - деген пікірін білдірді. 63,89% дауыс беруші акцияларының үлесі бар "Цеснабанк" АҚ негізгі акционері"Цесна" корпорациясы" АҚ болып табылады. "Цеснабанк" АҚ Адрес: 010000, Астана қ., Жеңіс даңғ., 29 Call Center: 8 800 080 2525 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) тел.: +7 (7172) 770-770; факс: +7 (7172) 770-195 Баспасөз қызметі: тел.: 770-733, Диана Батищева www.tsb.kz, e-mail: info@tsb.kz