ҚҚА "Центркредит банкі" АҚ (Қазақстан) акцияларын 2010 жылдың 15 маусымынан 15 желтоқсанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

27.01.11 17:00
/KASE, 27.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Центркредит банкі" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 17 қаңтарындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚА "2010 жылдың 15 маусымынан 15 желтоқсанына дейінгі "Центркредит банкі" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚА ақпараттарына сәйкес, 2010 жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Центркредит банкі" АҚ 98 293 945 жай акциясы орналастырылмаған.