"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

27.01.11 17:58
/KASE, 27.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "Бағалы қағаздардың тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C33820016 жай акцияларының жалпы саны 27 500 000 дана, KZ1P33820914 артықшылықты акцияларының жалпы саны 2 500 000 дана; - банктің 20 500 000 жай акциясы және барлық артықшылықты акциясы орналастырылған; Аталмыш үзінді банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Цесна" Корпорациясы" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде банктің 13 097 500 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 56,95 % немесе орналастырылған банктің жай акцияларының 63,89 %) бар.