"ЦЕСНАБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) "ЦЕСНАБАНК" АҚ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ "ЦЕСНА ГАРАНТ" САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ" АҚ БАСҚАРМАСЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

02.03.11 12:10
/KASE, 02.03.2011/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Астана) 2011 жылдың 02 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді. "Цеснабанк" АҚ баспасөз қызметі "Цесна Гарант" Сақтандыру Компаниясы еншілес ұйымының Басқарма Төрағасының ауысқандығы туралы хабарлады. 2011 жылдың 22 ақпанында басшы лауазымындағы Марс Алдашовты Жанил Смаилов ауыстырды. Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына Владимир Шевченко қосымша тағайындалды. Сонымен қатар "Цеснабанк" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып табылатын Марс Алдашов бизнес-процестерді, инфрақұрылымды ұйымдастыру бойынша міндеттерін орындап, компанияны белсенді сату кезеңіне дайындағаннан кейін, қазіргі уақытта өзінің негізгі қызметіне кірісуді көздеп отыр. Сонымен бірге "Цесна Гарант" СК Директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде сақтандыру компаниясының және банктің өзара әрекеттесуін үйлестіруді жалғастыратын болады. Жаңа басшыларының атынан Цеснабанк еншілес ұйымының менеджменті "Цесна Гарант" СК дамуында алға қойылған мақсаттарға жету үшін қолданылатын, ірі сақтандыру компанияларда басшылық етудің мол тәжірибесіне ие. Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_reliz_020311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.