2011 ЖЫЛДЫҢ 29 СӘУІРІНДЕ "ЦЕСНАБАНК" АҚ (КАЗАХСТАН) АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

28.03.11 14:57
/KASE, 28.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Цеснабанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2011 жылдың 29 сәуірінде сағат 11:00 банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - Есептеу комиссиясының сандық құрамын және өкілеттілігі мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау; - 2010 жылға банктің аудиттелген шоғырланған қаржылық есеп берушілігін бекіту; - 2010 жылға банктің таза табысын мен бір жай акциясына есебіндегі дивидендтер мөлшерін бөлу тәртібін анықтау; - акционерлердің банктің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеті жайында өтініштері мен олардың қаралуының қорытындысы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Астана қ., Бейбітшілік көш., 43, 501 505 аудитория. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 15 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 28 сәуірінде 15:00-де жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен Астана қ., Жеңіс даңғ., 29, 302 бөлме мекен-жайы бойынша танысуына болады.