KASE Бағалы қағаздардың өтімділігінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізді

13.01.12 15:45
/KASE, 13.01.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2011 жылдың 21 желтоқсанындағы шешімімен "Бағалы қағаздардың өтімділігінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына № 2 өзгертулерді бекітті, олар 2011 жылдың 23 қаңтарында күшіне енеді, 2012 жылдың 01 ақпанында күшіне енетін комитеттің атауының өзгеруіне байланысты өзгерістерді есептемегенде. Осы өзгерістерге сәйкес: - Тәуекел комитетінің атауы "Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау жөніндегі комитет" деп өзгенртілді; - бағалы қағаздардың жеке түрлерінің өтімділіктерінің рэнкингтерін қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылған; - өтімділігі түрлі кластағы бағалы қағаздардың тізімін қалыптастыру тәртібі анықталды (Әдістеменің бұрынғы редакциясында бағалы қағаздар кластары бойынша емес, өтімді және өтімсіз бағалы қағаздардың тізімдеріне бөлінген). Сонымен қатар, Әдістеменің мәтініне нақтылаулар және редакциялау енгізілді. Ережелердің жаңартылған мәтіні жақын арада KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланады.