ҚҰБ ҚҚК Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне және Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне түзетулерді келісімдеді

13.01.12 16:24
/KASE, 13.01.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 27 қазанындағы шешімімен "Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына енгізілген # 1 өзгертулерді және "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатына енгізілген # 3 өзгертулерді бекітті. Түзетулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банінің Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 02 желтоқсанында келісімдеп, 2012 жылдың 01 ақпанынан бастап күшіне енеді. Аталған құжаттардың мәтіндеріне енгізілген түзетулер арқылы: - өтімді бағалы қағаздардың өтімділіктің бірінші класстағы бағалы қағаздар тізіміне (бұрынғы анықтамада); өтімділіктің екінші класына өтімділігі орташа және төменгі деңгейдегі бағалы қағазардың, өтіміділіктің үшінші класына сауда-саттықтары ашылған, бірақ мәмілелер жасалмаған, бағалы қағаздардың жатқызылуын қарастыратын, "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткішін анықтау әдістемесі" атты биржаның ішкі құжатына жоспаланған өзгертулерді енгізуге байланысты өтімді және өтімсіз бағалы қағаздар тізімдерінің атауын өзгертілді; - KASE Басқармасының 2011 жылдың 10 маусымындағы Тәуекел комитеті туралы қағидаға өзгертулер енгізу туралы шешіміне сәйкес Тәуекел комитетінің атауын "Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау бойынша комитет" деп өзгертілді. Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінің және Маркет-мейкер қызметінің ережелерінің жаңартылған мәтіні жақын арада KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb_kaz.pdf және http://www.kase.kz/files/normative_base/m_maker_kaz.pdf мекен-жайлары бойынша жарияланады.