"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) World Finance 100 сыйлығын алғаны туралы хабарлады

17.01.12 12:36
/KASE, 17.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 12 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Цеснабанк британдық World Finance журналының жыл сайынғы жобасы бойынша әлемнің 100 жетекші компаниясы және үздіктері тізіміне енді және ТМД елдері арасындағы осындай сыйлыққа ие болған алғашқы банк болды. World Finance 100 тізіміне жетістіктері саланы алға тартқан, өз қызметтерінде үздік болып танылған тұлғалар мен компаниялар енгізіледі. 2011 жылғы тізімге стратегиялық қырағылығы мен іскерлігі қаржы, бизнес және технологияның концептуалды ландшафтын қалыптастыратын әлемдік бизнес-элита енген.