"REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің компанияны "JAZZ CAPITAL" брокерлік үйі" АҚ-ымен біріктіру арқылы ерікті түрде қайта құрылымдау жайлы шешімі туралы хабарлады

15.02.12 14:12
/KASE, 15.02.12/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ФАВОРИТ" аралық пайлық инвестициялық қорының басқарушы компаниясы болып табылатын "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, 2012 жылдың 06 ақпанында "JAZZ CAPITAL" брокерлік үйі" АҚ және "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болғаны туралы хабарлады. Осы жиналыста "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ-ын "JAZZ CAPITAL" брокерлік үйі" АҚ-ымен біріктіру арқылы қайта құрылымдау туралы шешім қабылданған.