ҚҰБ ҚҚК "Эксимбанк Қазақстан" АҚ (Қазақстан) KZP03Y07C299 (KZ2C00000719, EXBNb3) облигациялары 2011 жылдың 13 шілдесінен 2012 жылдың 13 қаңтарына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды
/KASE, 22.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эксимбанк Қазақстан" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 06 ақпанындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2011 жылдың 13 шілдесінен 2012 жылдың 13 қаңтарына дейінгі кезеңде "Эксимбанк Қазақстан" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы үшінші шығарылымның облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды".
ҚҰБ ҚҚК ақпаратына сәйкес, 2012 жылдың 13 қаңтарындағы жағдай бойынша "Эксимбанк Қазақстан" АҚ аталмыш облигацияларының 71 652 800 данасы орналастырылмаған.
Аталмыш (KZP03Y07C299, KZ2C00000719, EXBNb3; 100 теңге; 10,0 млрд теңге; 13.07.08 – 13.07.15; құбылмалы жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,50 %; 30/360) облигациялар KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына енгізілді.