Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымы өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 15 ақпанындағы шешімдерін жариялады
/KASE, 22.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымы (Алматы), биржаға 2012 жылдың 15 ақпанында өзінің Директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлады:
1. 2012 жылға Комплаенс-жоспар бекітілді.
2. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 2011 жылдағы басқарудың және комплаенс-тәуекелді бақылаудың тиімділігі туралы есеп ескерілді.
3. "Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ ірі және шағын клиенттерінің қаржылық жағдайларын юағалау әдістемесі" бекітілді.
4. ЖШС үшін құжаттамалық операциялар бойынша жеке тариф бекітілді.
5. Банктің есептік кезеңдегі басқарушылық есеп берушілігі ескерілді.
6. Есеп беру күніндегі жағдай бойынша Банкпен айрықша қарым- қатынастағы тұлғалардың тізілімі бекітілді.