KZ
RU
EN
10 маусым 2026, 06:24
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.03.2012 10:49 #Қаржы құралдары

KASE "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Қазақстан) KZP01Y07E018 (KZ2C00001725, TXBNB6) облигацияларын KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізіміне енгізді

/KASE, 16.03.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2012 жылдың 15 наурызынан бастап "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы) KZP01Y07E018 (KZ2C00001725, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар" санат, TXBNb6; 1 теңге, 20,0 млрд теңге, 03.02.12 – 23.12.18; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигацияларын KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізіміне енгізді, орналастырылған облигациялардың саны - 10 000 000 000 дана.

KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстері бойынша өкілетті тізімге алдында енгізілген облигациялар бойынша шектеу коэффициенті бірге тең.

2012 жылдың 15 наурызынан бастап KASE_BP KASE индекстерін есептегенде 0,9978647 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады, KASE_BC – 0,9993441, KASE_BY – 1,6950085. Аталмыш күнге дейін KASE_BP индексі үшін К - 0,9978022 тең, KASE_BC үшін – 0,9992432 және KASE_BY үшін 1,6888419 тең болған.

KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі.

KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі.

KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі.

KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді.

Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады.

Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша танысуға болады.