"Caspian Beverage Holding" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y05C861, KZ2C00000016 (CBH_b1) облигациялары бойынша 4-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

09.04.12 17:07
/KASE, 09.04.12/ – "Caspian Beverage Holding" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 05 сәуірінде өзінің KZ2C0Y05C861 (KZ2C00000016, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CBH_b1; 1 теңге, 500,0 млн теңге; 03.04.08 – 03.04.13; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 12,00 %, 30/360) облигациялары бойынша төртінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 16 077 600,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.