Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік қызметінің нәтижелері
/KASE, 26.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 26 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
цитата басы
- Өндіріліп шығарылған рудадағы мыстың көлемі 2011 жылдың осындай кезеңіндегіден жоғары болды
- Руданың өңделуіне қатаң ауа-райы жағдайлары мен руда тасымалдаудағы қиыншылықтар ықпалын тигізді
- 2012 жылдың бірінші тоқсанында меншікті концентраттан катодты мыс өндірісі 65 мың тоннаны құрап отыр
- Қордаланған руданы қайта өңдеу және Қоңырат кенішіндегі жұмыстардың қайта басталуы 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында өндіру көлемін арттыруға тиіс.
- 285-295 мың тонна мөлшеріндегі катодты мыс болатын жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік беретін операциялық көрсеткіштер
- Қосарлы өнімдер өндірісінің ауқымы да жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берер деңгейде
- Концентраттағы мырыш өндірісі 32 мың тоннаны құрап отыр
- Бағалы металлдар өндірісінің көлемі осындай кезеңдегі деңгейден артық болды
- Kazakhmys Power
- Қазақстанда электр энергиясына деген жоғары сұраныс Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында электр энергиясы өндірілімінің 11 пайызға артуына апарып, 3,960 ГВтсағатқа жеткізіп отыр.
- Қаржылық бекем тұрғымыздың сақталуы
- Бухгалтерлік баланс ақшалай қаражаттардың таза ағынын байқатып отыр
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 115 млн АҚШ доллары сомасына алтын сату соңына жеткізілді
- 2011 жылдың қыркүйек айынан бері 150 млн АҚШ долларына кері сатып алу процесінің барысында барлығы 10,6 акция сатылып алынған
цитата соңы
Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: