"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы АҚ (Қазақстан) KZ1C58300019 (KZ1C00000751, SRRK) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді
/KASE, 28.04.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтілік комиссиясының 2012 жылдың 25 сәуіріндегі шешімімен "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы АҚ (Қарағанды) KZ1C58300019 (ISIN – KZ1C00000751) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.
Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2012 жылдың 28 сәуірінен бастап өз күшіне енді.
Аталмыш жай акциялар бойынша биржада сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады.
"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы АҚ тіркеушісі "Зерде" тіркеушісі" АҚ болып табылады.
Осы акцияларға SRRK қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша 28 сәуірде жарияланады.