KZ
RU
EN
11 маусым 2026, 18:26
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.05.2012 16:51 #Индекстер мен индикаторлар

БИРЖА 2012 ЖЫЛДЫҢ 02 МАМЫРЫНАН БАСТАП, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 02.05.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2012 жылдың 02 мамырынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері, – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 02 мамырға дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

------------------------------------------------------------------------------
            2012 жылдың 02 мамырынан бастап      2012 жылдың 02 мамырына дейін
         ------------- ------- ------------ ------------- ------- ------------
              орналас-    free       шектеу      орналас-    free       шектеу
Акцияның      тырылған   float коэффициенті      тырылған   float коэффициенті
коды          акциялар (Fi), %         (Ri)      акциялар (Fi), %         (Ri)
                  саны                               саны                     
-------- ------------- ------- ------------ ------------- ------- ------------
CCBN       162 456 800    27,2    1,0000000   162 456 800    27,2    1,0000000
GB_ENRC  1 287 750 000    18,6    0,0425233 1 287 750 000    18,6    0,0373802
GB_KZMS    527 462 458    42,2    0,0290125   535 417 961    43,1    0,0250805
HSBK     1 091 138 829    24,7    0,2210042 1 091 143 839    24,6    0,2870285
KKGB       778 625 062     7,3    1,0000000   778 625 062     7,3    1,0000000
KZTK        10 874 545    22,2    0,1814915    10 872 961    22,1    0,2935837
RDGZ        70 103 314    38,5    0,0292546    70 106 472    38,5    0,0396455
------------------------------------------------------------------------------

Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2012 жылдың 02 мамырынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 4,6661724 қолданылады. Аталған күнге дейін К мәні 4,0338234 тең болған.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – "Банк ЦентрКредит" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; GB_ENRC – EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KKGB – "Казкоммерцбанк" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2012-05-02]