2011 жылдың 31 мамырында "Mineral Resources of Central Asia" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді
/KASE, 03.05.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Mineral Resources of Central Asia" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 31 мамырында сағат 15:00 компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде:
- Компанияның атқарушы органының 2011 жылдың қорытындылары бойынша есеп беруі;
- 2011 жылға компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту;
- компанияның 2011 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту
- 2011 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Фурманов көш., 103, 503 офис. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-де басталады.
Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 28 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылады.
Кворум жиналмаған жағдайда компанияның қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың 01 маусымында, сол уақытта болып өтеді.
Акционерлер күн тәртібінің сұрақтарының материалдарымен жиналыс өтер алдында кемінде 10 күн бұрын Алматы қ., Фурманов көш., 103, 503 офис мекен-жайы бойынша және (727) 266 70 77 телефоны арқылы танысуына болады.
[2012-05-03]