"Банк ЦентрКредит" АҚ "Қазақстандық Ипотекалық Компания" Ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамының 2012 жылдың 01 сәуіріне қаржылық жағдайына талдау нәтижелері туралы хабарлады
/KASE, 04.05.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстандық Ипотекалық Компания" Ипотекалық ұйымы" АҚ Алматы) KZP03Y05C491 ипотекалық облигацияларының(KZ2C00001063, KZIKb18;1 теңге; 5,0 млрд теңге; 01.12.07 – 01.12.12; жылдық 11,00 % жарты жылдық купон; 30/360) ұстаушысы болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, "Қазақстандық Ипотекалық Компания" Ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамының 2012 жылдың 01 сәуіріне қаржылық жағдайына талдау нәтижелері туралы хабарлады.
Өткізілген талдау негізінде "Банк ЦентрКредит" АҚ былай деп мәлімдеді:
Компания қызметінің негативті жағдайы оның үстіміздегі жылдың І тоқсанындағы қызметінің залалдығы болып табылады. Бұндай залалдық, пайыздық кірістердің түсуімен қатар, пайыздық шығындардың айтарлықтай өсуіне байланысты, соның нәтижесінде компанияның теріс мәнді таза пайыздық кіріс пайда болды. Осындай кіріс және шығын динамикасы сақталған жағдайда компанияның залалы өсетін болады.
Дегенімен, Компания уақытылы және толық көлемде несие берушілердің және облигация ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындап отыр, дефолт фактілері орын алған жоқ. Компания барлық пруденциалдық нормативтерді орындап отыр.
Эмитенттің облигациялар ұстаушылары алдында міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін мүліктің қаржылық жағдайына талдау жасауға қажетті, ұсынылған ақпараттың растығына "Қазақстандық Ипотекалық Компания" Ипотекалық ұйымы" АҚ жетекшілік жауапты болады.
[2012-05-04]