Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы өз қызметінің қаржылық нәтижелері туралы хабарлады
/KASE, 15.05.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 15 мамырында жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді:
цитата басы
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2012 жылдың 31 наурызында аяқталған мерзімге арналған аралық қысқартылған топтастырылған қаржылық есепті жариялайды.
- Мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне және ішкі нарыққа жеткізілетін өнім құнының артуына байланысты, экспортқа шығарылатын көлемнің төмендеуімен ішінара өтелген 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сатудан түскен кіріс 8%-ға артып, 207 млрд. теңгені құрады (1 396 млн. АҚШ доллары).
- Брент маркалы мұнайдың орташа бағасы 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12%-ға қымбаттап, баррельіне 119 АҚШ долларына жетті.
- Таза пайда 75 млрд. теңгені (508 млн. АҚШ доллары), бір акцияға шаққандағы пайда 1 070 теңгені (бір ЖДҚ үшін 1,2 АҚШ доллары) құрады, осылайша 2011 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 27% және 32% артты.
цитата соңы
Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында:
- орыс тілінде – толығырақ мекен-жайы бойынша;
- қазақ тілінде – толығырақ мекен-жайы бойынша;
- ағылшын тілінде – толығырақ мекен-жайы бойынша танысуға болады.
[2012-05-15]