KZ
RU
EN
10 маусым 2026, 06:24
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.05.2012 17:12 #Индекстер мен индикаторлар

KASE "Азық-түлік келісімшарттық корпорация" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, PRKRb5) облигацияларын KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізіміне енгізді

/KASE, 15.05.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2012 жылдың 15 мамырынан бастап "Азық-түлік келісімшарттық корпорация" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, PRKRb5; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 12.12.11 – 12.12.18; жылдық 8,50 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізіміне енгізді, орналастырылған облигациялардың саны - 5 833 890 дана.

KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстері бойынша өкілетті тізімге алдында енгізілген облигациялар бойынша шектеу коэффициенті бірге тең.

2012 жылдың 15 мамырынан бастап KASE_BP KASE индекстерін есептегенде 1,0009104 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады, KASE_BC – 0,9992725, KASE_BY – 1,7017553. Аталмыш күнге дейін KASE_BP индексі үшін К - 0,9981698 тең, KASE_BC үшін – 0,9985500 және KASE_BY үшін 1,6989615 тең болған.

KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі.

KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі.

KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі.

KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді.

Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады.

Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша танысуға болады.

[2012-05-15]