KZ
RU
EN
9 маусым 2026, 10:07
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.05.2012 11:19 #Қаржы құралдары

"Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) KZPC0Y05B651 (KZ2C00000537, CCBNb17) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 16.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 16 мамырынан бастап ""Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZPC0Y05B651 (KZ2C00000537, KASE ресми тізімі; "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаитының бірінші санатшасы, CCBNb17; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 16.05.07 – 16.05.12; жылдық 8,50 % жарты жылдық купон; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды.

Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2007 жылдың 01 маусымынан бастап "А" категориясы бойынша енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына ауыстырылды. Олардың сауда- саттығы 2007 жылдың 29 маусымында ашылған.

Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 5,00 және 17,00 % аралығында құбылды.

2011 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 70-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,34 %) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 60-шы жайғасымға иеленді (0,46 %).

[2012-05-16]