KZ
RU
EN
10 маусым 2026, 20:08
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.05.2012 16:13 #Корпоративтік уақиғалар

"Mineral Resources of Central Asia" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2012 жылдың 31 мамырында болып өтетін жылдық жалпы жиналысынң күн тәртібіне толықтыру енгізілді

/KASE, 16.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Mineral Resources of Central Asia" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2012 жылдың 31 мамыры күні сағат 15:00-ге жоспарланған жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді деп хабарлады.

Аталмыш жиналыстың толықтырылған күн тәртібі:

  • 2011 жылға атқарушы органның компания қызметі туралы есеп беруі;
  • 2011 жылға компанияның қаржылық есеп берушілігі;
  • 2011 жылдағыф компанияның таза кірісін бөлу тәртібін бекіту;
  • компания акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылау және 2011 жылдың қорытындысы бойынша компанияның бір акциясына шаққандағы дивиденд көлемін бекіту;
  • компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау.

Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Фурманов көш., 103, 503 офис. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 14:00-де басталады.

Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың 28 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылады.

Кворум жиналмаған жағдайда компания/банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 01 маусымында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі.

Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен кемінде 10 күн бұрын Алматы қ., Фурманов көш., 103, 503 офис мекен-жайы бойынша танысуына болады.

[2012-05-16]