"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өзінің XS0253878051, US40430AAA16 (HSBKe2) халықаралық облигациялары бойынша 12-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
/KASE, 17.05.12/ – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 14 мамырында өзінің XS0253878051, US40430AAA16 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, HSBKe2; $270 250,0 мың; 11.05.06 – 13.05.13; жарты жылдық купон жылдық 7,75 %; 30/360) халықаралық облигациялары бойынша он екінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 10 472 187,50 АҚШ долларын құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.