KZ
RU
EN
10 маусым 2026, 05:13
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.05.2012 16:04 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 16 мамырында Лондондық қор биржасында 43 000 ЖДҚ және Қазақстан қор биржасында KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, RDGZ) 180 жай акциясын кері сатып алғаны туралы хабарлады

/KASE, 17.05.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың 17 мамырында биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп хабарлады:

цитата басы

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында, 2012 жылдың 16 мамыр күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ") үшін орташа бағасы 18,79 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған 43 000 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды, сондай-ақ бір жай акция үшін орташа бағасы 16 700,00 теңгеден Қазақстан қор биржасында орналастырылған 180 жай акцияны сатып алғанын хабарлайды.

Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Компания барлығы 5 830 589 ЖДҚ пен 14 387 жай акцияларды сатып алды.

Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908) Бақдәулет Төлеген e-mail: pr@kmgep.kz

ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz

Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147 Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk

цитата соңы

[2012-05-16]