KZ
RU
EN
9 маусым 2026, 10:08
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.05.2012 16:32 #Корпоративтік уақиғалар

"ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0282585859, US151870AA06 (CCBNe4) халықаралық облимгацияларын ішінара сатып алғаны туралы хабарлады

/KASE, 17.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 16 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады

"ЦентрКредит Банкі" АҚ 2014 жылы өтелетін және сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,625% құрайтын өзінің еурооблигацияларын ішінара сатып алу бойынша мәмілені сәтті аяқтады.

Алғашқыда еурооблигациялар шығарылымының номиналды көлемі 500 миллион долларды құрады. Тендерді жариялау сәтінде айналыста 477,146,00 доллар сомасын құрайтын қағаз болды (себебі, банк бұдан бұрын 22,854,000 доллар сомасында еуробондтар сатып алып, өтеді).

2012 ж. 02 мамырында тендер жарияланды, ұйымдастырушысы - VTB Capital Plc, агенті – Lucid Issuer Service Ltd. Сатып алу құны мен сатып алынатын қағаздардың саны модификацияланған голландиялық аукционның ережелері жүзінде анықталады. Минималды құны бір бағалы қағазға 1,030.00 доллар көлемінде бекітілді. Тендерге қатысуға өтінімдер 2012 ж. 10 мамырына дейін қабылданды, ал 2012 ж. 11 мамырынжа тендердің нәтижесі жарияланды, соған сәйкес Банк бір бағалы қағазға USD1,042.50 құнымен USD144,679,000 көлемінде еурооблигация сатып алды.

Тендердің нәтижесі бойынша, айналыстағы еурооблигацияның көлемі номинал бойынша USD332,467,000 құрайды.