Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің шоғырланған қаржылық нәтижелерін жариялады
/KASE, 21.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 21 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – "Банк") (Лондон қор биржасындағы тикері: HSBK) 2012 жылдың 31 наурызындааяқталған үш айдың аралық шоғырланған қаржылық нәтижелерін жариялайды.
2012 жылдың үш айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер.
- Таза табыс 58.0% өсіп, 16.8 млрд. теңгені құрады
- Активтер 11,9% өсті
- Клиенттерге берілген заемдар, брутто 2.1 % төмендеді
- Клиенттердің ағымдағы шоттары 41,7% өсті
- Құнсыздану қорларына ақша аударымы 36.3% төмендеді
- Қызметтер және комиссия бойынша таза табыстар алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34.5% өсті
- Таза пайыздық табыс 46,6% өсті
- Қызметтер мен комиссиялар бойынша таза табыс 8,7% өсті
- Операциялық шығындар 6.9% өсті
- Таза пайыздық маржа 4.9% дейін өсті (2011ж. 3 айында 4,3%)
- Құнсыздану қорларына ақша аудармастан бұрын операциялық шығындар мен операциялық табыстардың қатынасы 29.1% құрады
- Орташа меншікті капиталға қайтарым (ROAE) жылдық 19.3% дейін ұлғайды (2011 жылдың 3 айында жылдық 13.0%)
- Орташа активтерге қайтарым (ROAA) жылдық 2.8% дейін ұлғайды (2011 жылдың 3 айында 1.9%)
Қаржылық шолу берілген осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынш танысуңға болады: