"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 22 мамырында Лондондық қор биржасында 45 177 ЖДҚ кері сатып алғаны туралы хабарлады
/KASE, 23.05.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың 23 мамырында биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында, 2012 жылдың 22 мамыр күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ") үшін орташа бағасы 18,52 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған 45 177 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды.
Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Компания барлығы 6 114 068 ЖДҚ пен 14 717 жай акцияларды сатып алды.
Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908) Бақдәулет Төлеген e-mail: pr@kmgep.kz
"ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147 Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
цитата соңы