KZ
RU
EN
17 маусым 2026, 15:20
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.05.2012 17:09 #Бағалы қағаздар

ҚҰБ ҚҚК "Delta Bank" АҚ акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

/KASE, 24.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Delta Bank" АҚ (Алматы, бұдан әрі - банк), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін және 2012 жылдың 16 мамырындағы бағалы қағаздары шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін биржаға ұсынды. Бұл куәлік бұрынғы куәлікті алмастырады.

Аталмыш құжаттарға сәйкес:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (ҚҰБ ҚҚК) банктің акциялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулерді тіркеді;
  • аталмыш куәлік банктің жарияланған акциялары санының көбеюіне байланысты ауыстырылды;
  • банктің жарияланған акцияларының жалпы саны 40 000 000 KZ1C36500011 жай акцияны құрайды;
  • банктің акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3650 нөмірімен енгізілді;
  • 2012 жылдың 10 қаңтарындағы жағдай бойынша банктің 10 000 000 жай акциясы орналастырылған, оның жарғылық капиталы 15 551 026 700 теңге көлемінде қалыптасты.

Банктің акциялар шығарылымы аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.