Биржалық кеңестің Сараптық комитетінің жаңа құрамы сайланды

01.06.12 18:14
/KASE, 01.06.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі 2012 жылдың 31 мамырында Биржалық кеңестің Сараптық комитетінің жаңа құрамын сайлады: - М.Ж. Тәшметов, "Отан" АЖЗҚ" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (Комитеттің Төрағасы); - Д.С Қарабаев, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (Комитеттің Төрағасы болмаған кезде немесе мүдделердің қайшы келуі жағдайы туындағанда оның орнын басуға құқылы тұлға); - Б.Б. Бабенов, KASE Вице-президенті (ол болмаған жағдайда – биржа Басқармасының мүшелері болмаған жағдайда өзара алмасудың бекітілген тәртібіне сәйкес Басқарманың басқа мүшесі); - К.С Нұрханова, биржаның Қадағалау бөлімі бастығының м.а. (ол болмаған жағдайда – биржаның Қадағалау бөлімі бастығының міндеттерін атқарушы биржаның басқа қызметкері); - А.В. Карягин, "Астана" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Басқарма Төрағасы ("Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестінің өкілі); - Биржалық кеңестің мүшелері – Комитет мүшелері болмаған немесе мүдделердің қайшы келуі жағдайы туындағанда, оларды алмастыруға құқылары бар тұлғалар: Е.С. Әбдідразақов, "Сентрас Капитал" ЖШС бас директоры; Н.Б. Дамитов, "Темір-Сервис" ЖШС басқарушы директоры, "Jazz Capital" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; А.М. Жолдасбеков, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; Ж.Б. Құрманов, "Қазақстан тұрғынүйқұрылысбанкі" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы; В.А. Кышпанаков, "ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. Представителями уполномоченных органов по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций в настоящее время в Комитете являются: - Н.А. Әбдірахманов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бақылау және қадағалау әдістемесі департаментінің директоры, ол болмаған жағдайда – Д.Н. Сәлімбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бақылау және қадағалау әдістемесі департаменті Бақылау және пруденциалды қадағалау әдістемесі басқармасының бастығы; - Е.А. Никифорова, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) Қаржы ұйымдарын қадағалау департаментінің директоры (КФН НБК), ол болмаған жағдайда – З.С. Жұмабаева, ҚҰБ ҚҚК Қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті директорының орынбасары немесе К.К. Әбжанов, ҚҰБ ҚҚК Қаржы ұйымдарын қадағалау департаментінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және зейнетақы қорларын қадағалау басқармасының бастығы.