2012 жылдың 01 қарашасынан бастап "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ (Қазақстан) бақылауындағы "ФАВОРИТ" ИПИҚ KZPFN0045018 (KZPF00000017, REAMfv) пайлары эмитенттің бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды

01.11.12 09:58
/KASE, 01.11.12 - 01.10.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2012 жылдың 01 қарашасынан бастап "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ (Алматы) басқаруындағы "ФАВОРИТ" интервалды пайлық инвестициялық қордың (тақырыптамада – "ФАВОРИТ" ИПИҚ) KZPFN0045018 (KZPF00000017, REAMfv) пайлары эмитенттің бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды. 2012 жылдың 20 қыркүйегіндегі KASE тұжырымдамасында, 2012 жылдың 14 қфыркүйегінде KASE мынадай ұсынылған құжаттарды алды деп белгіленген: - 2012 жылдың 13 қыркүйегіндегі "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ аталмыш пайлардың ерікті делистинг туралы өтініші; - "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ жалғы акционері болып табылатын, "JAZZ CAPITAL" Брокерлік үйі" АҚ Директорлар кеңесінің отырыс хаттамасының көшірмесін, бұнда аталмыш пайлардың ерікті делистингі туралы шешім қабылданған; - 2012 жылдың 01 қыркүйегіндегі жағдай бойынша аталмыш пайларды қстаушылар тізілімі. Тіркеушінің мәліметтері бойынша 2012 жылдың 01 қыркүйегіне аталмыш пайларды ұстаушылары болып 163 жеке тұлға және бір заңды тұлға табылды. Аталмыш датаға орналастырылған пайлардың жалпы саны – 781,9284. Жоғарыда аталғанның негізінде және "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 19 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, аталмыш пайлар делистингіленді. Аталмыш пайлар ресми тізімнің "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына Алматы қаласы қаржы орталығының арнайы сауда- саттық алаңымен 2008 жылдың 05 желтоқсанында енгізілген, 2009 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ашылған. Аталмыш пайлардың айналыста болу мерзімі бойы биржада олармен бір мәміле жасалған, мәміле сомасы 500 958,00 теңгені (бір пайдың бағасы 250 479,00 теңгені) құрады. [2012-11-01]