"КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) жай акциялары 05 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді

06.11.12 10:07
/KASE, 06.11.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазанындағы шешімімен "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C29950017 (ISIN – KZ1C00000744) жай акциялары KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағына және "КазТрансОйл" АҚ 20112 жылдың 05 қарашасындағы хатына сәйкес жоғарыдағы Листингілік комиссияның шешімі 2012 жылдың 05 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш жай акциялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. "КазТрансОйл" АҚ қаржылық кеңесшілері UBS Investment Bank және "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. "КазТрансОйл" АҚ тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға KZTO қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kzto мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-11-06]