/ҚАЙТАЛАУ/ KASE Акцияларға жазылым жүргізудің ережелерін соңғы түзетулерімен жариялады

06.11.12 10:14
/KASE, 05.11.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 25 қазанындағы шешімімен "Акцияларға жазылым жүргізудің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген # 1 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2012 жылдың 02 қарашасында мақұлданып, 2012 жылдың 05 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілді. Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE веб-сайтында 02 қараша күні http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланды. [2012-11-06]