07 ҚАРАША КҮНІ АЛМАТЫДА "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ ЖЕТЕКШІЛІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН АКЦИЯЛАРДЫҢ "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕГІНДЕ ОРНАЛАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ БОЛЫП ӨТТІ

07.11.12 17:41
/KASE, 07.11.12/ – Бүгін Kazakhstan Press Club/PG Communications Қазақстан қор биржасына "ҚазТрансОйл" АҚ 2012 жылдың 07 қарашасындағы баспасөз-релизін жолдап былай деп мәлімдеді: цитата басы Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде ұсынылатын "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акцияларын орналастыруға байланысты "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығының осы акцияларды сатып алғысы келетін инвесторлармен Алматы қаласында кездесулер өткізуі туралы 2012 жылдың 07 қарашасында Алматы қаласында "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығының Қазақстанның қаржы нарығының кәсіби қатысушылары және жеке инвесторларымен кездесулері өтті. Осы іс-шаралар "Халықтық IPO" бағдарламасын іске асыру барысында бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында компания акцияларын орналастыруға орай "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Алматы қаласының әкімшілігі және "Қазақстан қор биржасы" АҚ қолдау көрсетуімен өтті. Қаржы нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесу кезінде "Халықтық IPO" бағдарламасының тиімділігі, жеке инвесторлардың жаңа тобын қалыптастыру кезіндегі оның рөлі, "ҚазТрансОйл" АҚ-ның осы бағдарламаға қатысу мақсаты, компания үшін және де болашақ акционерлер үшін ықтимал мүкіндіктері секілді мәселелер қозғалды. Іс-шараларға қатысушылар "Халықтық IPO" бағдарламасының ізашар компаниясының инвестициялық тартымдылығындағы факторларды, сондай-ақ, компания ұсынысын іске асырумен байланысты тәуекелдерді талқылады. Жеке инвесторларға арналған таныстырылым кезінде "ҚазТрансОйл" АҚ өкілдері компания туралы толық ақпаратты, оның ішінде акцияларды шығару өлшемдері, компанияның дивидендтік саясаты, қаржылық жағдайы мен даму келешегі туралы мәліметтерді ұсынып, бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде орналастырылатын компания акцияларын сатып алу туралы өтініштерді беру рәсімі жөніндегі тыңдаушылардың сауалдарына жауап берді. "ҚазТрансОйл" АҚ роудшоуы ары қарай республикамыздың басқа аймақтарында, оның ішінде Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Атырау, Көкшетау, Семей, Павлодар, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Тараз, Петропавл және Шымкент қалаларында жалғасатын болады. Акцияларға жазылу 06 қарашасынан 05 желтоқсан күнін қоса санағанға дейін созылатын болады. Акцияларға жазылу рәсімі "Акцияларға жазылу ережелеріне" сәйкес өткізіледі. Бұл ереже "Қазақстан Қор биржасының" Биржалық кеңесінің шешімімен бекітіліп, "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен келісілген. Акцияларға жазылу туралы барлық сауалдарыңыз жөнінде өзіңіз таңдаған брокермен кеңескен жөн. Халықтық IPO" бағдарламасына қатысу туралы ақпаратты 8 800 080 5070 жедел желі телефоны арқылы білуге болады (ҚР бойынша қоңырау шалу тегін). Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 31 қазанындағы #1376 қаулысына сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығына алғашқы рет орналастырылу кезінде "ҚазТрансОйл" АҚ-ның бір қарапайым акциясының бағасы 725 теңге тұрады. ҚазТрансОйл" АҚ туралы толық ақпарат Инвестициялық меморандумда берілген. Осы меморандум "Қазақстан Қор биржасы" АҚ-ның www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kztof7_2012.pdf, мекен-жайындағы ресми сайтында, сондай-ақ, "ҚазТрансОйл" АҚ-ның http://www.kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/informaciia_dlia_akcionera _i_investora/svedeniia_o_cennih_bumagah/ мекен-жайындағы ресми веб- сайтында орналастырылған (жоғарыда берілген мекен-жайы браузердің мекен-жай жолына түгел көшіру керек – KASE ескертуі). «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы.«ҚазТрансОйл» АҚ елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. АҚШ, Австралия, Еуропалық экономикалық аймақ, Канада, Ресей Федерациясы немесе Жапония аумақтарында ашық немесе жасырын түрде көпшілік арасында таратуға немесе жариялауға арналмаған. "ҚазТрансОйл" АҚ Баспасөз қызметі Тел.: +7 (7172) 555 135 цитата соңы [2012-11-07]