/ҚАЙТАЛАУ/ АНОНС: 30 ҚАРАШАДА KASE ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ТУЫНДЫ ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ НАРЫҒЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗЕДІ

16.11.12 10:02
/KASE, 16.11.12 - 13.11.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 30 қарашасында алматы уақытмен сағат 14:00-де "KASE фьючерстерінің нарығы" атты семинар өткізеді. Өтетін орны – Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers"КСК, солтүстік ғимарат, 8-қабат, KASE конференц-залы. Семинар аясында биржадағы (КASE) қолданыстағы туынды қаржы құралдарымен, сондай-ақ аталған құралдармен жұмыс істеу кезінде түрлі инвестициялық стратегиялар мен мүмкіндіктермен тыңдаушыларды толық таныстыру жоспарланып отыр. Семинарда тәжірибелік мысалдар қарастырылып, "STrade" интернет-трейдинг жүйесінде жұмыс істеп көрсетіледі. Семинарға қатысуға барлық жаңадан бастаған (әлеуетті) инвесторлар шақырылады. Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, байланыстар, ұйымның атауы және лауазымы) жазылған ақпаратты project@kase.kz электрондық мекен-жайға жіберуге немесе +7 (727) 237 53 40 телефонына хабарлап айтуға болады. Семинар тегін өткізіледі. Орындар шектеулі. [2012-11-16]