KASE "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН БИРЖА МҮШЕЛЕРІНЕН САТЫП АЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫН ҰЗАРТТЫ

26.11.12 18:15
/KASE, 26.11.12/ – Қазақстан қор биржасы "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) акцияларына жазылу арқылы KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акцияларын алғашқы орналастыру аясында биржа мүшелерінен өтінімдер қабылдау уақытын 26 қарашадан бастап ұзартатындығын хабарлайды. Аталған өтінімдер жұмыс күндері күн сайын алматы уақытымен сағат 10:00- ден 19:00-ге дейін, демалыс күндері 03 және 08 желтоқсанда – сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қабылданады. Бұрын өтінімдер жұмыс күндері алматы уақытымен сағат 17:00-ге дейін қабылданатын. Сонымен қатар, биржа мүшелерінен өтінімдер қабылдау уақытын ұзартады. Бұрын хабарлағандай, аталған акцияларды алғашқы орналастыру "Халықтық ІРО" үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру аясында KASE сауда-саттық жүйесінің арнайы нұсқасында 06 қарашадан бастап жүргізіледі. "ҚазТрансОйл" АҚ жай акцияларына жазылудың өтінімдерді қабылдау уақытын ұзартуға қатысты жаңа шарттары KASE сайтында жақын арада жарияланады. [2012-11-26]