09 қаңтар күні биржада өткен "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Қазақстан) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланады

09.01.13 19:40
/KASE, 09.01.13./ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZENb1; 100 теңге; 15,0 млрд теңге; 06.11.12 – 06.11.15, жылдық 5,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнанайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2012 жылдың 19 қазанында жалпы сомасы 30,0 млрд теңгеге тіркегеген, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) бірінші облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымы, осы эмитенттің Қазақстан қор биржасында (KASE) листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының бірінші шығарылымы болып табылады. Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін ұтымдырақ болатын шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта қарсылама өтінімдер берілмегендіктен, сауда-саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды. [2013-01-09]