/ҚАЙТАЛАУ/ 14 ақпанда Қазақстан қор биржасында "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізіледі

08.02.13 10:10
/KASE, 08.02.13, 05.02.13 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің сауда-саттық жүйесінде 2013 жылдың 14 ақпанында "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZENb1; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 06.11.12 – 06.11.15, жылдық 5,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылымы "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚнің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2012 жылдың 19 қазанында 300,0 млрд теңге сомасына тіркеген, осы эмитенттің биржада листинг процндурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының бірінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "JAZZ CAPITAL" Брокерлік үйі" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y03E322 облигациясының 104 510 000 данасын (осы шығарылымның ржарияланған облигациялардың жалпы көлемінен 69,7 %) құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Debts_List_ST1 секторында (Rated_ST1 тобы) Алматы уақыты (ALT) 11:30- дан 13:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – KZENb1. Эмитент кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 15:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнынан пайызбен (жинақталған сыйақысысыз) көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының мәні белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен көрсетілген саны көрсетілуі тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" (жинақталған сыйақысымен қосып) бағасына көбейтіндісі көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелелердің сомаларын есептеу Әдістемесінің 3 тарауы 14 бабына сәйкес есептеледі, осы Әдістеме http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең өтінім бағалары бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болы табылатын баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/KZEN/kzenf9b1_2012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-02-08]