KASE 08 МАУСЫМ КҮНІ АЛМАТЫДА "ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН" ӨТКІЗДІ

10.06.13 17:38
/KASE, 10.06.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 08 маусымында Алматы қаласында Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау интситутының (KIMEP) жаңа ғимаратында біркүндік "Қазақстан қор нарығының ашық есіктер күнін" өткізеді, осы шара шегінде әлеуетті және қазіргі бөлшекті инвесторлар үшін қор нарығы тақырыбы бойынша оқыту блиц-семинарларының сериясы өткізді. Іс-шараны ұйымдастыруда, биржадан басқа, "ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық агенттігі" ЖШС, "Seven Rivers Capital" ("Севен Риверс Капитал") АҚ, "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы), "Halyk Finance" АҚ, "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының академиясы" АҚ, және басқа да тәжірибелі инвесторлар белсенді қатысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы қызметінің тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің, "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ, "Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы" Академиясы, "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) АҚ, "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ және "Сентрас Секьюритиз" АҚ қолдауымен өткізілді. Ақпараттық серіктестер Tengrinews, Kursiv.kz ижәне Millioner.kz, сондай-ақ "қазақстан баспасөз клубы" АА, "Халықтық IPO" www.halyk-ipo.kz бағдарламасының ресми сайты, "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" журналы. Іс-шара шегінде қор нарығының кәсіби қатысушыларының лекциялары мен Қазақстандағы қаржы құралдарымен сауда-саттық туралы интерактивті ойындары, презентациялары, сондай-ақ инвнстициялау мәселелері бойынша мастер кластар өткізілді. Іс-шараға 300-дей адам қатысты. Іс-шараға қатысу тегін өтті. Аудиториялар мен көрме адамға толы болды. Қатысушылардың айтуы бойынша акция өте тартымды және пайдалы өтті. Спикерлердің презентациялары мен суреттері жақын күндерде http://www.kase.kz/ru/events/show/2013/opendoors_2013 беттерінде жарияланбақшы. Видеоматериал с лекции " KASE фьючерсі нарығы" лекциясындағы бейне материал edu.kase.kz KASE ақпараттық ресурсында 2013 жылдың 01 шілдесінен ары қарай жарық көреді. [2013-06-10]