KASE ақпараттық-білім беру сайтының жаңартылған нұсқасы іске қосылды

05.07.13 16:47
/KASE, 05.07.2013/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE ақпараттық-білім беретін http://edu.kase.kz/ сайты тексеру режимінде іске қосылғанын хабарлайды. Сайттың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу ерекшеліктерін іске асыратын әлеуетті және қолданыстағы инвесторлармен таныстыру болып табылады. "Бағалы қағаздар нарығы теориясы", "Талдаулар мен жарияланымдар", "Оқу-жаттығу сауда-саттықтар мен конкурстар", "Өз біліміңді тексер", "Глоссарийлер" деген бөілмдермен қатар, 20 дан астам бөлімдер мен бөлімшелер отандық нарықта ұсынылған түрлі қаржы құралдарымен жұмыс негізін зерделеуде пайдалы болып табылады. "Оқу-жаттығу терминалы" бөлімшесіндегі "STrade" (УТС "STrade")сауда- саттық терминалының жатытғу нұсқасы KASE қаржы құралдары нарығындағы ұйымдастырылған қаржы нарығындағы ережелермен танысуға, биржа сауда-саттық жүйесінде негізгі жұмыс дағдыларын игеруге, теориялық білімін тәжірибеде пайдалануға мүмкіндік береді. Аталмыш сайт беттерінде "Драккар" баспа үйінің көмегімен "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" және "Жеке қаражат" журналдарының теңдессіз мұрағаттық материалдары ұсынылған (2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін). Мазмұны мен сайтты толықтыру бойынша ұсыныстарды edu@kase.kz. мекен-жайына жіберуге болады. [2013-07-05]